Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 2022 жылғы 25 сәуір мен 20 мамыр аралығында қала аумағында "Назар аударыңыз! Балалар!" республикалық науқаны жүргізілуде, деп жазды inbusiness.kz.
"Бұл күндері қаладағы жалпы білім беретін мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастайды. Мүдделі қызметтермен жалпы білім беретін мектептер орналасқан жерлердегі жол желісінің және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жағдайына шолулар жүргізіледі. Сонымен қатар балалардың қатысуымен болған ЖКО-лар жиі орын алатын орындарын талдауды ескере отырып, полиция бөлімшелерінің посттары мен патрульдік нарядтары барынша қоғамдық тәртіпті қорғауға және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жүргізеді", – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Сондай-ақ полицияда жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға шақырды.