Алматыда нейрохирургиялық көмек орталығы ашылды

1569

Медициналық орталық №7 қалалық клиникалық аурухана негізінде жұмыс істейді. 

Алматыда нейрохирургиялық көмек орталығы ашылды

Мекеме ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққандарға диспансерлік көмек көрсетуге негізделген. Сондай-ақ орталық нейрожарақаттары бар, нейрохируркиялық көмекті қажет ететіндерді тәулік бойы жедел түрде қабылдайды. Сонымен қатар мұнда жұмыс істейтін мамандар еліміздің кез келген өңірінен келген науқастарға жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. 

"Егер науқасқа нейроонкоголиялық көмек пен өзге де дәрігерлер кеңесі қажет болса, бірден кешенді тексеруден өтіп, ем қабылдай алады. Орталық заманауи медициналық технологиялар бойынша жұмыс істейді",– деді №7 қалалық клиникалық аурухана баспасөз қызметі. 

Орталық мамандары Алматыдағы барлық медициналық мекемелер мен жеке меншік ауруханаларға кеңес беруге дайын. Жалпы №7 қалалық клиникалық ауруханада бес нейрохирургиялық бөлім жұмыс істейді. Атап айтсақ, нейроонкология, нейрохирургия, тамыр нейрохирургиясы, екі жедел нейрохирургиялық орталық бар. 2018 жылдың өзінде ғана аталған бөлімдерде 3751 науқас ем алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу