Алматыда неонатология бөлімшесі ашылды

121

16 орындық неонатология бөлімшесі өткен жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеп келеді.  

Алматыда неонатология бөлімшесі ашылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бөлімше құрамына жансақтаудан кейінгі қарқынды терапия палаталары мен ерте оңалту қызметі кіреді. Үш ай ішінде 103 нәресте ем қабылдаған.

Жалпы бір жылда орталықта 235 жаңа туған сәби емделді. Олардың 52-сіне туа біткен даму ақауына байланысты өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл ота жасалды.

Сонымен қатар, 2025 жылы 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 12 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін оториноларингология және жақ-бет хирургиясы бөлімшесі ашылды. Алғашқы айларда мұнда 83 бала ем қабылдады. Өткен жылы орталықта 140,6 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсетіліп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу