Алматыда нигериялық азаматтар заңсыз жұмыс істеп жүр

529

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 шетелдік елден шығарылады.

Алматыда нигериялық азаматтар заңсыз жұмыс істеп жүр Фото: polisia.kz

­Алматыда еңбек қызметін заңсыз жүргізген нигериялық азаматтар ұсталды.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Бостандық ауданындағы Қазақфильм ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу