23 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман күтіледі.
"Азаматтарды тауға шығудан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз", - дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, көлік иелеріне көліктерді ағаштардың, электр желілерінің және басқа да асып тұрған құрылыстардың астына қоймауға кеңес беріледі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтіп, шығыста қар жауады.