Алматыда нөсер жауын басталды

132

7 сәуір күні кешке күн күрт бұзылып, ауа райы нашарлады. 

Алматыда нөсер жауын басталды Фото: arasha.kz

Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соқты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Куәгерлердің айтуынша, қолайсыз ауа райы кенеттен басталған - санаулы минуттарда жел күшейген. Кейбір аудандарда электр қуаты мен ұялы байланыс үзілгені хабарланды.

"Осы қалада дүниеге келдім және өмір бойы осында тұрып келе жатырмын - мұндай жаңбырды ешқашан көрген емеспін. Бәрі кенеттен басталды. Жел күшейіп, терезелерден заттар ұшып жатты, баннерлер жұлынып жатты. 10 секундтан кейін жаңбырдың қатты жауғаны соншалық, әдетте 120-140 км/сағ жылдамдықпен жүретін тасжолда барлық көлік жылдамдығын сағатына 10 шақырымға дейін баяулатты", - деді жергілікті тұрғын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу