Алматыда жас жігіт нөсер жауын кезінде Көкжайлау шатқалынан түсе алмай қалған

435

2005 жылы туған жігіт 12 тамыз күні таңертең Көкжайлау шатқалына кеткен, телефоны сөндірулі болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда жас жігіт нөсер жауын кезінде Көкжайлау шатқалынан түсе алмай қалған Фото: Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы 13 тамыз күні сағат 01:15 шамасында жігітті іздеуге шыққан.

Құтқарушылар оны сағат 03:00-де тапты.

Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаса керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу