Алматыда Nur.kz-тің бұрынғы тілшісі қамауға алынды

932

Ол ұлтаралық алауыздық тудырды деген күдікке ілінді.

Алматыда Nur.kz-тің бұрынғы тілшісі қамауға алынды

Nur.kz бұрынғы тілшісі Манас Бістаев ұлтаралық алауыздық тудырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады kaztag.kz.

"ҚР ҚК 174 б. 1б. (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша Манас Бістаевқа қатысты Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпас шарасын санкциялады", – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Дияс Махамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу