Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 23 үй салынуда

1439

Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев құрылысы аяқталуға жақын қалған үйлерді  тексерді.

Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 23 үй салынуда

Алатау ауданына қарасты "Алғабас" ықшамауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 46 мың шаршы метрді құрайтын 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мұнда 740 пәтер болады деп жоспарлануда.

Бұл ретте Бақытжан Сағынтаев құрылыс алаңына барып, дайын пәтерлерді аралап көрді. Шаhар басшысы мердігер компания өкілдеріне тұрғын үйлерді тапсыру мерзімін сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы жұмыстардың сапасын қадағалауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу