Алматыда "Нұрлы жер" бойынша салынған үйден пәтер кілттері берілді

850

Бүгінгі күні тұрғын үйге зәру 25 мың азамат кезекте тұр.

Алматыда "Нұрлы жер" бойынша салынған үйден пәтер кілттері берілді

Алматыда "Алатау Бақытты отбасы" орталығының ғимаратында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйден пәтер кілттері тапсырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баспаналы болғандардың барлығы үй кезегін бірнеше жыл бойы күткен көпбалалы аналар.

Жалпы, жыл басынан бері қарай кезекте тұрғандар арасында көпбалалы отбасылар санатына жататындарға жүзден астам пәтер бөлініпті. Бұлардан өзге, қалалық "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша берілген тұрғын үй сертификаттарының көмегімен көпбалалы отбасылар 284 пәтер алды. "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы бойынша қазіргі кезде 201 отбасы "Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің" оң шешіміне ие болды.

Жалпы, қаланың тұрғын үй саясаты басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі күні тұрғын үйге зәру 25 мың азамат кезекте тұр, олардың 1847-і көпбалалы отбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу