Алматыда облысында прокуратура 44 тұрғынмен соттасып жатыр

822

Қарасай ауданының прокуратурасы халыққа берілген жер заңсыз, аудандық әкімдік ауылшаурашылық жердің нысаналық мақсатын заңсыз өзгерткен деп сотқа берген.

Алматыда облысында прокуратура 44 тұрғынмен соттасып жатыр

Алматы облысында баспана саламын деп жер сатып алған 44 тұрғын далада қалуы мүмкін. Қарасай ауданына қарасты Долан ауылы маңындағы саяжай тұрғындары осылай деп шырылдап отыр. 

Тұрғындардың қолында жердің құжаттары да, тіпті әкімдіктен құрылыс жүргізуге рұқсат берілген шешімдері де бар. Бірақ, Қарасай ауданының прокуратурасы халыққа берілген жер заңсыз, аудандық әкімдік ауылшаурашылық жердің нысаналық мақсатын заңсыз өзгерткен деп сотқа берген. Бірақ Қарасай ауданы прокуратурасының шағымын бірінші сот инстанциясы қанағаттандырусыз қалдырды. Прокуратура облыстық апелляциялық сотқа шағымданып, тағы да жеңіліп қалды.

Ал Қарасай ауданынан Талдықорғандағы сотқа келген 44 тұрғын прокуратура тыныштық берсін деп наразылықтарын білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу