Алматыда офлайн форматта оқитын 1287 оқушы індет жұқтырған

900

ЖОО студенттері арасында 149 жағдай тіркелді. 

Алматыда офлайн форматта оқитын 1287 оқушы індет жұқтырған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бүгінде Алматыда бір ауысымдық 75 (27,8%) мектеп, екі ауысымдық 194 мектеп (71,8%), үш ауысымдық 1 мектеп (0,4%) жұмыс істейді.

"Қалада 1 қыркүйектен бастап офлайн форматта 287 265 оқушы оқиды, оның ішінде коронавирус инфекциясы – 1287 жағдай тіркелген (0,45%); онлайн режимде 19 128 оқушы оқиды, оның ішінде 1039 індет жағдайы (5,4%), барлығы – 2326 коронавирус жағдайы тіркелген. Офлайн форматта оқитын оқушылар арасында індет жұқтыру саны онлайн режимде оқитын оқушылар арасында жұқтыру жағдайынан 12 есе төмен, өйткені мектептерде шектеу шаралары орнатылған, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына бақылау жүргізіледі", – деді Ержан Бабақұмаров.

Спикердің айтуынша оқушылар арасында инфекция жұқтырудың төмендеуі байқалады, егер тамыз-қыркүйек айларында тәулігіне 100-ден аса жағдай тіркелсе, қазіргі уақытта 38-46 жағдайға дейін төмендеген.

"Эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізу үшін мектептерде білім басқармасының өкілдерімен бірлесіп мониторинг тобы жұмыс істейді. Мониторингтік топ 21 мектепті тексерді, Әуезов, Алатау және Бостандық аудандарының 5 мектебінде шектеу іс-шараларының бұзылуы анықталды, бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда", – деді Алматы әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ ол қалада вакциналауға жататын мұғалімдердің 100% егілгенін атап өтті.

Айтуынша, жоғары оқу орындарында да осындай жұмыстар жүргізілуде. Қалада барлығы 37 ЖОО жұмыс істейді. 2021 жылғы 1-6 қыркүйек аралығында Алматыда онлайн оқыту режимінде ЖОО студенттері арасында 149 індет жұқтыру жағдайы тіркелді.

Вакцинамен оқытушыларды қамту жалпы саны 80%-ды (17 496 адам), студенттер 50%-ды (92 433 студент) құрайды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу