Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұрын жертөленің шатырынан су ағатын еді.

Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: wikimedia

Жалпы ауданы - 5,5 мың шаршы метр Офицерлер үйінің ғимараты мен жертөленің шатырын күрделі жөндеу биыл 1 қыркүйекте аяқталды. 

Жұмыс жазғы айында басталды. Офицерлер үйіне тиесілі ғимараттың жанындағы алаңда жертөленің шатырынан су ағатын жер жөнделді. Ғимарат пен жертөленің төбесінен соңғы 5 жыл бойы тамшы таматын. Гидроизоляцияны жүргізу үшін плитка жабыны уақытша алынып, қазір оның орнына плиткалар қойылды.

Айта кетейік, Офицерлер үйі – Алматы қаласы үшін тарихи маңызы бар сәулет ескерткіші. Ғимаратта әскери-тарихи музей бар. Осыған байланысты шатырды демеушінің қаражаты есебінен күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу