Алматыда өгей әкесі төрт жасар баланы ұрып өлтірген

549

Полиция тергеуді бастады.

Алматыда өгей әкесі төрт жасар баланы ұрып өлтірген Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "Не молчи" қорына сәбидің әжесі, оның ағасы және бөгде дереккөз хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2004 жылғы күдікті қамауға алынды. Алайда, бізде учаскелік полиция қызметкері қажетті шараларды уақытында қабылдамады деген күдік бар. Біз жұртшылықты бұл істі қараусыз қалдырмауға, тергеу барысын бақылауға және әділеттілікті талап етуге шақырамыз", - делінген қордың хабарламасында.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істі Наурызбай аудандық басқармасы ҚР ҚК 99-бабы, 3-бөлігі ("бала өлтіру") бойынша тергеп жатыр. 19 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Осы қылмыстық істі тергеу барысы Алматы полиция департаментінің басшылығымен ерекше бақылауға алынды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу