Алматыдағы "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының" жансақтау бөлімінде өгей әкесі ұрып-соққан 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтемемен.
Бүлдіршін медициналық орталыққа 23 қыркүйек күні ес-түссіз күйде түскен, есін жимаған күйі қайтыс болыпты. Дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр болғанын айтады.
Полицияның мәліметінше, баланы оның 34 жастағы өгей әкесі ұрған. Бұған дейін екі рет сотталған күдікті қазір қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу