Алматыда өгей баласын өлгенше сабаған ер адам қамауға алынды

434

Полиция бұған қатысты түсініктеме берді.

Алматыда өгей баласын өлгенше сабаған ер адам қамауға алынды

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының Наурызбай ауданында өгей әкесі төрт жасар баланы өлтіргені туралы ақпарат тарауда.

Полиция бұған қатысты түсініктеме берді.

"Бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркеп, тергеп жатыр", делінген хабарламада.

2004 жылғы Д. есімді күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстық істі тергеу барысын Алматы қаласы ПД басшылығы ерекше бақылауына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу