Алматыда оқу орнына бірнеше рет жарылғыш құрылғы "қойған" студент ұсталды

352

Оған оқу үлгерімінің нашарлауы себеп болған. 

Алматыда оқу орнына бірнеше рет  жарылғыш құрылғы "қойған" студент ұсталды Фото: myseldon.com

Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті оқу орнына бомба қойылды деп хабарлағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Алматыда экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжінің кәмелетке толмаған студенті анықталып, ұсталды. Ол оқу орнында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы бірнеше рет жалған хабарлама жасады деген күдік бар.

Анықталғандай, ол 27, 28 ақпанда және 2 наурызда таңғы уақытта колледждің қызметтік электрондық поштасына электрондық мекенжайын ауыстыру бағдарламасын қолдана отырып, төрт рет хабарлама жіберген.

Ұсталғаннан кейін және алынған дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол оқуда үлгермеуіне байланысты оқу процесін тоқтату үшін осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу