Алматыда оқу-жаттығу барысында граната мерзімінен бұрын жарылып кеткен

395

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Алматыда оқу-жаттығу барысында граната мерзімінен бұрын жарылып кеткен Фото: canva

Жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

"Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз", – делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу