Алматыда оқушылары кептеліп қалған мектеп директоры қызметінен босатылды

2529

Аталған жағдайдан кейін білім ордасының директоры қызметінен босатылған.

Алматыда оқушылары кептеліп қалған мектеп директоры қызметінен босатылды Фото: Бейнежазбадан

Алматыдағы №41 мектептің оқушылары дәлізге сыймай, қысылып қалған. Мектептегі бұл келеңсіз жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жайтқа қатысты Алматы білім басқармасы пікір білдірді.

"Жобалық қуаты 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады. Білім ордасындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар қарасы көбейіп кетті. Оның себебі – оқушылардың киімін ауыстыру үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы", - делінген хабарламада. 

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, білім ордасында бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу