Осыған байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, мектептер мен балабақшалар жабылмаған.
Ал ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жоғарғы оқу орындарында студенттер үйлеріне және жатақханаларына жіберілгенін айтты.
"Зардап шеккен студенттер жоқ, олар эвакуацияланды. Бүгінгі сабақтар болмайтын болды. Қазір министр Саясат Нұрбектің тапсырмасымен жатақханаларға кезекшілер қойылды. Кезекшілер студенттерге жылы киім, су, тағам керек болған жағдайда толық бақылауға алады, қажет заттармен қамтамасыз етеді", - деді министрлік өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу