Алматыда оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы құрылады

2240

Тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Алматыда оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы құрылады Фото: SMI24.kz

Оңтүстік астанада оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы құрылмақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді: Алматы қаласы Білім басқармасының "Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  құрылсын. Кәсіпорынның қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін", - делінген құжатта.

Кәсіпорын балаларға қосымша білім беру, олардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, жан-жақты дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған халықаралық және отандық стандарттарға сәйкес келетін сапалы қосымша білім алу саласында қызметін жүзеге асырады.

"2023 жылы Алматы қаласының Наурызбай ауданында Алматы қаласы білім басқармасының ШЖҚ "Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы" КММ құрылысы аяқталды. Оның жобалық қуаты:

  •  375 адам – үйірме тобы бойынша;
  •  675 адам – бір реттік сыйымдылық;
  •  1250 адам – өткізу қабілеті;
  •  3750 адам – бір аптада балаларды қамту", - делінген түсіндірме жазбада.

Қаулыны жария талқылау 14 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу