Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
Оның сөзінше алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысуда.
"Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы жұмыстарға қатысуда", – деді Ләззат Жылқыбаева.
Еске сала кетейік, 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында мектеп оқушылары үшін видеосабақтар Алматы телеарнасы арқылы көрсетілді. Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы трансляцияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу