"Артишок" театрының сахнасында жасөспірімдер ортасында қудалау мәселесі туралы қойылымның тұсауы кесілді. "Всё, что тебя задевает" жасөспірімдер арасында буллинг, суицид және жеңіл есірткі сынды өткір әлеуметтік мәселені көтереді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Буллинг, ата-ананың түсінбеуі, болашақ туралы теріс түсінік, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жоғалту жасөспірімдерді алаңдатады.
Жобаның ерекшелігі сол, қойылымды "Қадам" жастарға арналған әлеуметтік орталықтың дарынды балалары қояды. Спектакль авторының пікірінше, қойылым ата-аналар мен жасөспірімдердің көзқарасына әсер етуі мүмкін. Ата-аналар балаларын түсініп, қолдай бастайды, ал жасөспірімдер қиын сәттерді қалай еңсеруге болатынын біліп, жақындарына өз тәжірибесін бөліседі.
"Қадам" орталығы 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы дарынды балаларды оқытып келеді. Орталықта балалар актерлік шеберлік, графикалық дизайн, SMM, қаржылық сауаттылық сияқты заманауи мамандықтарды тегін оқиды.
Орталық ашылғалы 1500-ден астам студент білім алған, кәмелетке толғандардың 60 пайыздан астамы жұмысқа орналастырылды.
Іс-шараны "Алматы Дарыны" орталығы мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен "Қадам Орталығы" ҚҚ ұйымдастырды.