Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Оның сөзінше, алдымен жоғары сыныпта оқитындарға салынбақ. Естеріңізде болса, күні кеше мегополсике Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілген болатын.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 2 АЙДА 148 ОҚУШЫ ВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Атырау облысында оқу жылы басталғалы 250-ге жуық оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Алайда эпидемиологтар олардың мектептен емес, туған туыстары мен өзге жерлерден жұқтырғанын айтып отыр. Сондықтан әзірге ешқандай білім ошағы мен сынып карантинге жабылмапты. Вирус жұқтырған балалардың 111-інде ауру симптомды өтсе, қалғандарында инфекция белгілері жоқ.
РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН ВАКЦИНАЦИЯ ПАСПОРТТАРЫН ҚАШАН МОЙЫНДАЙДЫ?
Вакцинация паспорттарын өзара мойындау бойынша Қазақстанның бастамасын Ресей тарапы қолдайды. Бұл туралы көрші ел сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – Мария Захарова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бұл бағытта қос мемлекеттің ведомстволары белсенді жұмыс жасап жатыр. Жақын көршілер болсақ та, Ресей мен Қазақстан бір-бірінің вакцинация құжаттарын әлі күнге дейін мойындамады. Әзірге тек тиісті келісімнің жобасы дайындалып, Ресейдің федералды органдарымен келісілуде. Нақты мерзімі әзірге белгісіз, бірақ жұмыс жоғары қарқынмен жүріп жатыр деп сендірді Захарова.