Алматыда "омикрон" штамы анықталған жоқ

928

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі айтты.

Алматыда "омикрон" штамы анықталған жоқ

Ақылы екпеге арналған брифингте журналистер Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидан "омикрон" штамын жұқтыру фактілеріне қатысты сауал қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осы уақытқа дейін мутацияланған "омикрон" штамын жұқтырған науқастар әлі анықталмады", – деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

Ол жаңа штамдарды анықтау бойынша елде жұмыс басталып кеткенін атап өтті.

"ПТР оң нәтижесі бар науқастардың сынамалары бес зертханадан Ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласындағы филиалына жеткізіледі. Мұның барлығы сынамаларды Нұр-Сұлтанға жеткізу үшін жасалып отыр", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу