Алматыда он екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр

1064

Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

Алматыда он екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған он екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Қазір шаһарда сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін", - деп жазды қала әкімдігі.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу