Алматының индустриалды аймағында биыл 11 жоба жүзеге асырылады

755

Алматыда өңірлік кеңес отырысы өтті.

Алматының индустриалды аймағында биыл 11 жоба жүзеге асырылады

Алматыда кезекті өңірлік кеңес отырысы өтті. Бұл жолғы шара қорытындысы бойынша мегаполистің индустриалды аймағында жалпы құны 24 млрд теңге болатын 11 жобаны жолға қою туралы шешім қабылданды, деп хабаралады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"Оның ішінде су жылытқыштары, электр желілері, полиэтилен құбырлар, фармацевтикалық дәрі-дәрмек шығаратын зауыттардың құрылысы бар. Жоба жетекшілеріне қойылатын басты талап – өндірістің экологияға зиянсыз әрі қауіпсіз болуы, өнім құнының қолжетімділігі және зауыттың толық отандық өнім шығаруы", – делінген хабарламада. 

Жалпы кеңес жұмысын бастағалы бері 110 млрд теңге инвестиция құйылған 25 жоба жолға қойылды. Нәтижесінде индустриялды  аймақта төрт мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар өндірістік алаңдардың құрылысы көктемде басталады.

Айта кетерлігі өңірлік кеңес Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылдың қазан айында құрылған. Онда Алматының индустриалдық аймағында жүзеге асыруға үміткер жобалар бойынша ұсыныстар талқыланып, тұралап қалған бастамаларды алып тастау туралы шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу