Алматыда өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды

367

Орталықта жарақат алған науқастарға толық циклді медициналық көмек көрсетіледі.  

Алматыда өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың базасында Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа орталық ауыр жарақат алған науқастарға шұғыл көмектен бастап, күрделі хирургиялық ем мен кейінгі оңалтуға дейінгі толық циклді медициналық қызмет көрсетеді. Мұнда мамандандырылған және жоғары технологиялық емдеу түрлері қолжетімді болады.

Орталық Алматы қаласы мен Алматы облысындағы травматологиялық қызметтердің өзара жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарисовтың айтуынша, Астанада, Қарағандыда және Балқашта өңірлік травматологиялық орталықтар жұмыс істейді. Алматыдағы жаңа орталық оңтүстік өңір үшін негізгі буынға айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу