Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққандарға тегін берілетін дәрі жетіспей жатыр

213

Жыл сайын Алматы онкологиялық орталығында 1000-нан астам науқас тіркеледі.

Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққандарға тегін берілетін дәрі жетіспей жатыр Фото: inbusiness.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы онкологиялық науқастарға арналған "Тагриссо" препаратының уақытша жетіспеушілігін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, дәрінің тапшылығы елдің басқа өңірлерінен келген науқастардың қайта тіркелуіне байланысты болжанған көлемнің артығымен жұмсалуынан туындаған.

Жыл сайын Алматы онкологиялық орталығында 1000-нан астам науқас тіркеледі. Құны 2 миллион теңгеден асатын "Тагриссо" тегін немесе жеңілдетілген шартпен берілетін дәрілер тізіміне енгізілген. Биыл министрлік орталыққа 8400 таблетка лимит бөлген, алайда бұл көлем толық пайдаланылған.

"СК-Фармация" ЖШС дәріні мерзімінен бұрын жеткізу үшін жеткізушімен келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Қосымша партия 26 қыркүйекке дейін қоймаға жеткізіліп, кейін науқастарға берілмек.

Басқарманың хабарлауынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі, ал қосымша қажеттілік уәкілетті органмен келісілген жағдайда қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу