Алматыда онкологиямен ауыратын науқастар тиісті жәрдемақысын алмаған

180

Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді. 

Алматыда онкологиямен ауыратын науқастар тиісті жәрдемақысын алмаған Фото: freepik

Алматыда онкологиялық науқастарды әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған емхана басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, онкологиямен ауыратын науқастар жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған. 

"Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық аурумен ауыратын науқастарды, ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермегендерді жауапқа тартты", - деп хабарлады прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу