Алматыда онлайн кредит рәсімдеген алаяқ сотталды

778

Алматыда тұрғындардың атына онлайн кредит рәсімдеген алаяқ 4,6 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Алматыда онлайн кредит рәсімдеген алаяқ сотталды

Полиция департаментіне 90-нан аса тұрғыннан арыз түскен. Олар 1987 жылы туған А.Б.Нүркенова есімді әйелдің әрекетіне шағымданған.

"Ол адамдардың сеніміне кіріп, оларды алдаған. Күдікті жәбірленушілердің жеке дерегін алып, кейін шағын несиелік ұйымдардан кредит алып, оны тұрғындардың атына рәсімдеген. Алдын ала тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді", - деп жазылды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

"Сот үкімімен А.Б.Нүркенова кінәлі деп танылып, ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылды хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу