Алматыда онлайн марафон өтеді

527

Қатысушылар маршрутты өздері таңдайды. 

Алматыда онлайн марафон өтеді

Алматыда VirtualRun спорттық сайысы ұйымдастырылмақ. Бұл туралы "Алматы марафон" шарасын ұйымдастырушылар хабарлады. 

"Бұл карантиннен кейінгі алғашқы марафон болмақ. Барлығымыз жиналып, бірге жүгіре алмаймыз. Бірақ әр қайсымыз өз қашықтығымызды виртуалды түрде өте аламыз", – деді ұйымдастырушылар. 

Жарыс 4 аптаға созылады. Жүгіретін орын мен маршрутты әр қатысушы өзі таңдайды. 

"Ол саябақ немесе көше, тіпті пәтердің іші болуы мүмкін. Бастысы жексенбі күні кешке дейін жүріп өткен қашықтығыңыздың скриншотын жеке кабинетте тіркесеңіз болғаны. Кез келген адам қатыса алады", – деді ұйымдастырушылар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу