Алматыда онлайн режимде мектеп линейкасы өтті

873

Алматы мектептерінің  кезекші топтарында  қауіпсіздік нормаларының сақталғаны және онлайн  линейкалар қалай өткені туралы айтылды.  

Алматыда онлайн режимде мектеп линейкасы өтті

Алматы қаласы білім Басқармасы оқу жылына дайындық жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Ағымдағы оқу жылында қалада 27 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы оқуын бастайды.

Қашықтан оқыту форматын ескере отырып, жаңа оқу жылы қарсаңында қала әкімшілігі оқушылар мен оқытушыларды қажетті техникамен жабдықтау, тұрғындарды сапалы және қолжетімді интернет байланысымен қамтамасыз ету үшін интернетті жолға қою жұмысын жүргізді.

Алматы қаласы,  Әуезов ауданы білім бөлімінің бас маманы Гүлнар Саттарова  Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының   кезекші топтарының жұмысы туралы айтып берді.

"139 мектепте 1 және 2 сынып оқушылары үшін екі кезекші топ ұйымдастырылды. Мектеп аумағына кіре берісте медицина қызметкері баланы қарсы алады және температураны байланыссыз тепловизормен өлшейді. Ата-аналар да тексеріледі. Ата-аналар баланы мектепке кіргенге дейін жеткізеді. Бала сол жерде масканы өзгертеді, қолдарын ерітіндімен өңдейді және сынып жетекшісімен дезинфекциялық туннель арқылы өтеді. Одан кейін екінші қабатқа көтеріледі.  Екі кабинет дайындалды", – деді Гүлнар Саттарова.

Сондай-ақ, ол кабинетте 15 баланы оқыту үшін барлығы 15 парта орнатылғанын айтты. Әр үстелдің артында бір орындық бар. Кабинетке кірген кезде медицина қызметкері мұғалімге  және балаға арнап   екі журнал жасайды. Сынып жетекшісі баланы тексереді, қол қояды және сыныпқа апарады.

"Мен барлық ата-аналарды құттықтаймын. Өйткені қашықтан оқытуды ұйымдастыруда үлкен жауапкершілік  олардың мойнына жүктелді. Барлық педагогтарды оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сәттілік, шыдамдылық, табысты оқу тілейміз", – деді Гүлнар Саттарова.

Өз кезегінде М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияның директоры  Сәния Тілеубай,  бүгінгі өткен онлайн жиын туралы хабарлады. Жиын барысында 11 сынып оқушылары онлайн форматта бірінші сынып оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтады.

2020-2021 оқу жылы мектепте 2246 оқушы,  яғни  75 сынып бар. Оқу жылына мектеп толығымен дайын.

"1 тоқсанда сабақтар онлайн режимінде, ZOOM бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Сондықтан компьютерлері жоқ 70 оқушы техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері интернет желісімен толық қамтылған", –  деді Сәния Тілеубай.

Сондай-ақ, ол гимназияда аз қамтылған отбасылардан шыққан 117 оқушы білім алып жатқанын, оның ішінде төрт бала қамқорлықта екенін айтты. Бұл балалар да техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында аз қамтылған 30 отбасының балаларына қалалық әкімдіктің қолдауымен планшеттер табыс етілді.

Сонымен қатар, Сания Тілеубай № 140 мектепте кезекші сыныптардың жоқ екенін айтты. Себебі ұйымға ешқандай өтініш түспеген. Балалардың ата-аналары қашықтан оқытуды қалайды. Алайда, мектеп қажет болған жағдайда, санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушыларды кезекші топтарға қабылдауға толық дайын екенін айтты.

№ 140 мектептің бастауыш сынып оқушылары – 31 сынып, яғни 980 оқушы.  Оның ішінде бірінші сынып оқушыларының саны – 275. Осы оқу жылында 9 бірінші сынып ашылды. 11-сыныпта – 4 сыныпқа бөлінген 119 оқушы бар. 2  сынып жаратылыстану-математика бағытында, 2 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытта кәсіптік білім алады. 2019-2020 оқу жылын 90 түлек аяқтады.  Оның 70% - ы мемлекеттік гранттарға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу