Алматыда OpenAI өкілдерімен жасанды интеллект жобалары талқыланды

355

ChatGPT Edu, Almaty AI Park және білім беру саласындағы AI жобалары бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралды.  

Алматыда OpenAI өкілдерімен жасанды интеллект жобалары талқыланды Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматы Қазақстандағы жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы бағытта қала әкімі Дархан Сатыбалды OpenAI компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, жасанды интеллектті дамыту, білім беруді цифрландыру, маман даярлау және заманауи технологиялық экожүйе қалыптастыру мәселелерін талқылады.

OpenAI – ChatGPT сияқты жасанды интеллект жүйелерін әзірлейтін америкалық зерттеу және технологиялық компания.

Кездесу барысында ChatGPT Edu жобасына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда бұл жобаға Алматыдағы 500-ден астам білім беру ұйымы қосылып, белсендірілген лицензиялар саны 5 мыңнан асқан.

Сонымен қатар білім беру, ғылым және мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ ауданы 75 мың шаршы метрден асатын өңірдегі ең ірі жасанды интеллект орталығы — Almaty AI Park жобасын құру мәселесі талқыланды.

Тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, AI-зертханаларын ашу, хакатондар өткізу және стартаптарды қолдау бағытында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу