Алматының Алмалы ауданында өрт болды

963

28 ақпанда сағат 11: 16-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 131 Мұратбаев көшесінің қиылысы бойынша шықты.  

Алматының Алмалы ауданында өрт болды

4 минут ішінде келген кезде доғалы металл ангардың ашық жалынмен жануы анықталды. Өрт оқпандары берілді, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Өрт орнынан 4 оттегі баллоны эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге қатты түтіннен және жоғары темпетартураға байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеуде. Қабылданған шаралармен 20 минут ішінде өрт оқшаулауға қол жеткізілді. 60-тан астам өрт сөндіруші, 15 бірлік техника жұмылдырылды

Анықталған ақпарат бойынша ангардың ішкі қаптамасы ғана жанды.

Өрт 12 сағат. 02 минутта жойылды  құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу