Алматыда өрт қаупі сақталады

694

Шаһарда ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.  

Алматыда өрт қаупі сақталады

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"7 қыркүйекте Алматы қаласында ауа температурасы ысып, сынап бағанасы 35 градусқа дейн көтеріледі деп болжануда. Таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз", – деп хабарлады ТЖД. 

Айта кететіні ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында және белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін, Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті.

Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 10-нан 100 айлық есеп көрсеткішке дейін белгіленген, яғни 30 мың 630 теңгеден бастап 306 мың 300 теңге дейін жетеді.

Мұндай әркеттердің соңы өртке ұласқан жағдайдв кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйек Алматыдағы Кеңсай зиратының маңында құрғақ шөп өртенді. Кейін Көк-Төбенің жанын да жалын шарпығаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу