Алматыда өрт кезінде қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

596

Алматыдағы тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты. 

Алматыда өрт кезінде қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі Фото: NUR.KZ

Осыған орай Алатау ауданы әкімдігі қаза тапқан жанның отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Ақкент" ТК өрт кезінде Алматы тұрғыны Әсел Бекмұхамбетова қаза тапты. Алатау ауданының әкімдігі қаза тапқандардың отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді", — делінген әкімдік хабарламасында.

Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандарды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Аудан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, қаза тапқан жанның денесін тасымалдауға жәрдем көрсететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу