Бүгін, 30 қарашада таңертең Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, 2GIS қосымшасында Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайында орналасқан Almaty Hostel рейтингі жоғары болған, бірақ өрттен кейін ол 4,3-ке дейін төмендеді.
Суреттерге қарағанда кереуеттер бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондай-ақ, кейбір бөлмелерде терезе жоқ.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналдырылған. Яғни, шын мәнінде, қонақүй бір қабатта және жертөледе орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу