Алматыда өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды

827

12 қабатты үйдің электр желілері орналасқан шахтасы отқа оранған.  

Алматыда өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды

Бүгін сағат 19:00 шамасында Алмытыдағы Самал-3 ықшам ауданындағы 12 үйден өрт шығып, мамандар 55 адамды эвакуациялап, 17 адамды құтқарды.

"5 желтоқсан сағат 19:02-де төтенше жағдайлар департаментінің телефонына Самал-3 ықшам ауданының тұрғындары қоңырау шалды. Олар 101 қызметіне 12 үйде электр желілерінен өрт шығып, адамдар пәтерлерінен шыға алмай қалғандығы туралы хабарлады. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 9 минутта жетті. Төтенше жағдай кезінде төмен түсетін баспалдақтар көк түтіннен көрінбей, көп қабатты үйде тұратын адамдар балкондары мен терезелерінен шығып құтқаруды сұраған. Газ бен түтіннен құтқару қызметінің мамандары ғимаратта қалып қойған адамдарға көмек көрсетіп, эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Жалын жалпы ауданы 15 шаршы метр 1 мен 12 қабат аралығындағы электр желілері орналасқан шахтадан шыққанын анықтады. Мамандардың жедел шара қолдануының нәтижесінде 17 адам құтқарылды. Оның 7-і балалар. Бұдан бөлек 55 адам эвакуацияланды. Оның 15-і балалар. Өрт 47 минуттың ішінде сөндірілді. Оқиға орнында 6 техниха, ТЖД мен ПД-нің 16 қызметкері, 3 жедел жәрдем дәрігері жұмыс істеді", – деді Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу