Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ТДМ бойынша орталығын ашу жоспарланған

712

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитте айтты, деп жазды inbusiness.kz

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ТДМ бойынша орталығын ашу жоспарланған

"Ілгерілеу мен жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық және аймақтық деңгейлерде батыл әрекет ету және тығыз әріптестік қажет. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту БҰҰ құрылымдарының белсенді қатысуымен тұрақты және өркендеген Орталық Азия құруға ықпал ететініне сенімдімін", — деді Әлихан Смайылов", – деді  ҚР Премьер-Министрі. 

Айта кететіні, іс-шараға Қырғызстан Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Арипов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Мухамметгулы Мухаммедов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Уша Рао-Монари ханым, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық топтардың және азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу