Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жәрмеңке өтіп жатыр

813

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жәрмеңке өтіп жатыр

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық "Верный жәрмеңкесі" атты жаңа жылдық көрме ашылды. Оған түрлі әшекей бұйымдар, кескіндеме жұмыстары, антиквариат пен пано және тағы да басқа қолөнер туындылары қойылды. Жалпы көрмеге Еуропа мен Орталық Азияның бірқатар елінен келген қолөнер шеберлері қатысып жатыр. Халықаралық шара 3 күнге созылады, деп хабарлайды 24Хабар.

"Бұл жәрмеңкеге қатысқанымызға екінші жыл. Өте қызықты. Біз тәжірибе алмасамыз. Басқа елдердің көркемөнерін тамашалаймыз. Өзіміздің тамаша заттарымызды көрсетіп, халыққа жариялаймыз", – дейді халықаралық көрмеге қатысушы Айжан Өтепбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу