Алматыда орталық клиникалық аурухана өртенді

701

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментi баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел әрекет етуде.  

Алматыда орталық клиникалық аурухана өртенді

"Алмалы ауданы Панфилов көшесi, 139 мекенжайында шақыртудың жоғары деңгейiмен жұмыс атқарылып жатыр. Үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметi жiберiлдi. Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлдi. 
Өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс жағындағы өрт оқшауланды", - деп жазылған хабарламада.

Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ғимараттан 23 адам эвокуацияланды. Өртенген аумақ 60 шаршы метр. Мамандардың жедел әрекеті нәтижесінде өрттің жалпы 3000 шаршы метр шатыр аумағына таралуына жол берілмеді. Жалынды сөндіруге 60 адам, 15 техника жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу