Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырған, деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
"Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың 346 жағдайы тіркелді. Осы тәулікте жаңадан 174 жағдай анықталды. Оның 58-і COVID-19-ға шалдыққандармен байланыста болғандар. Ал Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медициналық қызметкері, жедел жәрдем қызметінің 2 маманы, №32 қалалық поликлиниканың 1 маманы, №11 қалалық поликлиниканың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 медициналық қызметкері індет жұқтырды", - деді Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында 295 адам бар. 7 науқастық жағдайы ауыр, 41-нің жағдайы орта ауырлық күйінде, 247 науқастың жағдай қанағаттандырарлық. Ал 252 адам провизорлық орталықтарда оқшауланған.
Құралай Құдайберген