Алматыда орталық синагога басшысына 87 мың теңге айыппұл салынды

1568

Діни ұйым карантиндік шектеулерге қарамастан көпшілікке арналған жиын өткізген. 

Алматыда орталық синагога басшысына 87 мың теңге айыппұл салынды

Алматыда орталық синагога басшысына карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, желіде Алматыдағы Rixos қонақ үйінің алдында ұйымдастырылған шарадан бейне жазба тараған еді. Осы мәселеге қатысты құзырлы ведомство басшылығы түсініктеме берді. 

"Ұйымдастырушы – орталық синагога, ол шектеу шараларын бұзды және аталған мекеме басшысына Әкімшілік кодекске сәйкес 30 АЕК көлемінде әкімшілік шара қолданылды", – деді Әсел Қалықова. 

Сонымен қатар спикер синагога діни іс -шара өткізуге өтінім бермегенін атап өтті. Алайда спикер Rixos қонақүйі жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті. 

"Себебі қонақ үй бұл шара туралы білмеген және ол қонақүйдің ішінде емес, оның сыртында өткен", – деді Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу