Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық стадион мен басқа да маңызды спорт нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Қолданысқа 1958 жылы берілген Орталық стадионы бүгінде әбден ескірген және күрделі жаңғыртуды қажет етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әкім стадионды заман талабына сай қайта жөндеу, жеңіл атлетика инфрақұрылымын сақтау, М.Әуезов театры мен Қазақ мемлекеттік циркіне жаяу жүргінші байланысын қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, электронды билет жүйесін енгізу міндеті қойылды.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының жай-күйі де назардан тыс қалмайды. 1935 жылы салынған мектеп ғимаратының орнына жаңа оқу-жаттығу кешені салынбақ.