Алматыда өртеніп жатқан "Мизам" базары емес – ТЖД

1217

Өрт аталған базардың аумағында емес, соған жақын орналасқан қоймалардан басталған. 

Алматыда өртеніп жатқан "Мизам" базары емес – ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті "Алматыда Мизам базары өртеніп жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бүгін Алматыдағы барахолка маңында өрт басталған еді. Бірқатар БАҚ мұны "Мизам" базарынан шықты деп хабарлап үлгерді. Алайда оқиға орнына барған біздің тілшілерге қалалық ТДЖ басшысы өрттің "Мизам" базарына қатысы жоғын айтты.

Өрт аталған базардың аумағында емес, соған жақын орналасқан қоймалардан басталған.

"Солтүстік айналма жолындағы "Мизам"" базарының жанындағы қоймаларда өрт шыққан.  Шығу себептері белгісіз. Бастапқыда 3000 шаршы метр деп болжағанбыз, кейін одан аз аумақ екеніне көз жеткіздік. Жанып жатқан құрылыс заттары – металлопластик, түрлі заттар салынған қаптар. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамның 70 адамы, 20 техника, құтқару қызметінің екі тікұшағы жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", – дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметі генерал-майоры Серік Әубәкіров.

Өрт шыққан аумақтағы қойма  маңындағы сатушылардың  бірі Жарқын Жұмажанұлы жалынның 12 шамасында шыққан айтады.

"Өрт көрші қоймадан шықты. Ол жерде тез жанатын құрылыс заттарын сақтайтын еді. Қоймаға ауып кету қаупі болғандықтан біз өз қоймамызды босатып алдық. Неден шыққанын білмейміз. Енді осы жерде болып, өрт сөнгенше күтеміз",– дейді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу