Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды

935

Оқиға орнында 56 жастағы әйел адам жарақат алды.  

  Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды

Алматыгың Жетісу ауданында 2 қабатты үй өртеніп, 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды in business.kz.

"13 тамызда түнгі сағат 02:58-де Алматы қаласы ТЖД-ның "101" пультіне Жетісу ауданы, Ақтолқын көшесі, 12-үйде тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Белгіленген нормативтік уақытта (8 минутта) оқиға орнына жеткенде, жалпы  ауданы 300 шаршы метр 2-қабатты тұрғын үйдің  ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Өрттің тез таралуына хабарламаның кеш келіп түсуі және 1943 жылы салынған ғимараттың ағаш құрылымы ықпал еткен. Тұрған үйдің барлық қабаттарында қою түтіннен эвакуация жолдары жабылып,  тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", – деп хабарлады ТЖД.

Жапсарлас орналасқан пәтерлерді сөндіру және қорғау үшін дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.

"Барлау және жалынды ауыздықтау барысында мамандар 4 адамды құтқарды. Олар- 52 жастағы ер адам және 10 жасар бала, 36 және  55 жастағы екі әйел адам. Сондай-ақ оқиға орнында 56 жастағы әйел адам жарақат алды. Зардап шеккендер дереу қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді, қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 43 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу