ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайында өртті сөндіру кезінде жоғары дәрежеде жұмыс істеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
"Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жүргізілді. Құтқарушылар конструкцияларды төгіп, жеке элементтерді алып тастады, тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасады. Өртті сөндіруге шамамен 80 адам мен 21 бірлік техника, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу