banner

Алматыда өртке оранған пәтерден үй иесінің жансыз денесі табылды

770

Алматыда өртке оранған пәтерден үй иесінің жансыз денесі табылды

Алматыда көпқабатты үйдегі пәтер өртенді. Шұғыл хабарламаны қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова жеткізді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Әуезов ауданындағы 3-шағын аудандағы, 11 үй өртеніп жатқаны туралы хабар таңғы 5:53-те түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде үйден қалың қою түтін шығып жатты. Тілсіз жау ауыздықталған кезде жуынатын бөлмеден үй иесінің жансыз денесі табылған. 50 жастағы келіншек басынан ауыр жарақат алған екен", - деді ол.

Оқиға орнынан 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді.  Тағы екі азамат құтқарылды. Олардың бірі 33 жастағы ер адам аурухананың токсикология бөліміне жеткізілді. Іс материалдары қалалық полицияға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу