Бүгін сағат таңғы 10-дар шамасында Алматы қаласы ТЖД бөлімшесіне Алмалы ауданындағы дүкеннің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді, деп хабарлайды 24.kz.
Ол уақытта дүкеннің шатыры отқа оранып, қызыл жалынның жақын маңдағы тұрғын үйге таралу қауіпі төнген. Өрт сөндірушілер тобы шарпыған алауды дереу ауыздықтап, 4 газ баллонын эвакуациялады. Жалпы өрттің аумағы 30 шаршы метрді құрады. Соңғы мәліметтер бойынша 2 адамды күйік шалған. Өрттің себебі газ баллонын ауыстыру кезінде ұшқынның пайда болуы мүмкін деген болжам бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу